9 сағат бұрын
Геннадий Головкин Өзбекстанда арнайы сыйлыққа ие болды
World Boxing халықаралық ұйымының президенті Геннадий Головкин Ташкентте Өзбекстан бокс федерациясының арнайы сыйлығымен марапатталды.
Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл осындай сыйлық ұйымның вице-президенті Миршохид Тиллабаевқа да табысталды.
Геннадий Головкин мен Миршохид Тиллабаевқа алтын түсті қос бокс қолғабы бейнеленген мүсіншелер сыйға берілді. Мүсіншелердің төменгі бөлігіне «Рингтен тыс бокстың чемпионына. 20.11.2026, Панама» деген жазу ойып жазылған. Бұл – World Boxing ұйымының 20 қарашада Панамада өткен конгресіне жасалған ишара.
Сыйлықтарды қабылдаған Геннадий Головкин мен Миршохид Тиллабаев мүсіншелерге өз қолтаңбаларын қалдырды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкентке бокстан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысу үшін арнайы барған. Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz