29.11.2024

Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарында қола алады - ҰОК-нің ресми мәлімдемесі 

Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарында қола алады - ҰОК-нің ресми мәлімдемесі 

Фото: Ұлттық Олимпиаа комитеті

Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында Ханчжоуда өткен Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллиновқа қола медаль беріледі деген ақпарат тарады.

Бұл шешім 1/4 финалында біздің боксшыдан басым түскен Моңғолия спортшысы Чинзориг Баатарсухтың дисквалификациясына байланысты қабылданды деп айтылды.

Алайда, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҰОК) бұл ақпараттың ресми емес екенін мәлімдейді.

Чинзориг Баатарсухтың дисквалификациясы туралы ақпарат International Testing Agency сайтында жарияланған. Моңғол боксшысы 2023 жылдың 4 қазанындағы допинг-сынамасында тыйым салынған заттардың анықталуына байланысты спорттан төрт жылға шеттетілген. Айта кетейік, Зейнуллинов пен Баатарсух арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 1 қазанда өтті.

Сонымен қатар, Баатарсухтың бұл шешімге қатысты спорттық арбитраждық сотқа (CAS) 21 күннің ішінде шағымдануға құқығы бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ҰОК Азия Олимпиадалық Кеңесіне (ОАК) 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі медальдарды қайта бөлу мәселесі бойынша сұрау жолдады. Бұл салмақта моңғолиялық спортшы алтын медаль иеленген еді.

Бүгінде Азия Олимпиадалық кеңестің халықаралық нормалары мен регламенттерге сәйкес бокстан медальдарды қайта бөлу тәжірибесінің қолданылуына қатысты ресми хат күтілуде. Атап айтсақ, осы спорт түріндегі медаль жеңіп алған спортшылар тізіміне өзгеріс енгізу мүмкіндігі туралы және Ертуған Зейнуллиновқа Азия ойындарының қола жүлдесін беру ықтималдығы туралы өкілетті орган түсініктеме беруі тиіс.

Қазіргі уақытта медальдарды қайта бөлу туралы ресми шешім қабылданбағандықтан, бұл мәселеге қатысты кез келген ақпаратты расталмаған деп санауға болады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Бокс 25 минут бұрын

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионынан реванш қайтара алмады

Күрес 50 минут бұрын

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионынан реванш қайтара алмады

FIFA рейтингінде Қазақстан футбол құрамасы төрт сатыға төмендеді

Футбол 1 сағат бұрын

FIFA рейтингінде Қазақстан футбол құрамасы төрт сатыға төмендеді

Нұралы Әліп пен Бактиер Зайнутдиновтың құны жаңарды

Футбол 2 сағат бұрын

Нұралы Әліп пен Бактиер Зайнутдиновтың құны жаңарды

Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Күрес 2 сағат бұрын

Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Марлан Мұқашев Еуропа чемпионын жеңуге шақ қалды

Күрес 2 сағат бұрын

Марлан Мұқашев Еуропа чемпионын жеңуге шақ қалды