03.03.2025
Жанкүйерлердің рекорды, Дастан Сәтпаевтың голы: Ел чемпионатының алғашқы туры қалай өтті?
Футболдан 1-2 наурыз күндері кезекті ел чемпионатының жалауы желбіреді.
Қандай жайттар тіркелді?
- 7 матчта 11 гол соғылды;
- 21 сары қағаз көрсетілді;
- «Тобыл», «Қызылжар», «Ордабасы» клубтары мүлдем ескерту алмаса, «Жеңіс» пен «Ақтөбеге» ең көп 4 сары қағаз берілді.
- «Қайсар», «Оқжетпес» клубтары негізгі құрамда тек отандық футболшыларға сенім артты. Негізгі құрамда ең аз 2 отандық футболшыны «Тұран», «Астана», «Қайрат» ұжымдары шығарды.
- 1-турда 204 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 112 отандық футболшы (негізгі құрамда 75 ойыншы, қосалқы құрамнан 37 ойыншы) доп тепті.
- 56 футболшы Премьер-лигада дебют жасады.
- 4 ойында жеңімпаз анықталмады. Осындай бұған дейін 2008 жылғы ел чемпионатының алғашқы турында тіркелген;
ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨКІЛДЕРІ ГОЛ СОҚТЫ?
Қазақстан — 5
Өзбекстан - 1
Беларусь - 1
Сербия — 1
Ресей — 1
Бразилия - 1
Хорватия - 1
«Атырау» – «Елімай» - 2:1
Жанкүйер саны: 1 500
- Чемпионаттың алғашқы голы осы матчта тіркеліп, «мұнайшылар» сапынан Едіге Оралбай гол соқты.
- 2024 жылдың алғашқы турында қос клуб Семейде жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.
— «Атырау» клубы 6 жылдан кейін ел чемпионатын жеңіспен бастады. Бұған дейін 2019 жылы сырт алаңда «Қайсардан» 0:1 есебімен басым түскен еді.
— «Атырау» қақпашысы Арсен Сиукаев 11 соққы қайтарды.
«Ордабасы» – «Ақтөбе» - 0:0
Жанкүйер саны: 7 000
- Шымкенттіктер өз алаңында ақтөбеліктерді 2019 жылдан бері 6 ойында жеңе алмай келе жатыр.
«Тобыл» – «Ұлытау» - 2:0
Жанкүйер саны: 3 000
- «Ұлытау» 28 жылдан кейін Жоғарғы лигаға оралды. Олар кейінгі ойынын 1997 жылы 5 сәуір күні «Қайсар-Харрикейнге» қарсы өткізіп (0:4), артынша қаржылық қиындыққа байланысты бәсекені жалғастырудан бас тартқан.
- Осы турда қостанайлықтардың сапынан Ислам Чесноков ең көп 6 соққы (4 дәл соққы) бағыттады.
«Қайсар» – «Жеңіс» - 0:0
Жанкүйер саны: 2 000
«Тұран» – «Оқжетпес» - 2:0
Жанкүйер саны: 2 500
- «Тұран» алғаш рет Қазақстан чемпионатын жеңіспен бастады.
«Қызылжар» – «Жетісу» - 1:1
Жанкүйер саны: 200
- Кот-д’Ивуар елінің азаматы, «Қызылжар» футболшысы Нене Гбамбле осы турда ең көп 6 дриблинг жасады.
«Астана» – «Қайрат» - 1:1
Жанкүйер саны: 26 153
- Қазақстан чемпионатында жанкүйер саны бойынша жаңа рекорд тіркелді.
- Биылғы чемпионаттың ең жас дебютанты (16 жас, 6 ай) Дастан Сәтпаев гол соқты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов