04.03.2025
«Сарыарқа» хоккей клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
«Сарыарқа» хоккей клубының бұрынғы басшысы Арғын Нығматуллин іздеуге жарияланды.
Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ресми сайтында жарияланды.
Нығматуллин Қарағанды хоккейіне бөлген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Айта кетейік, Арғын Нығматуллин 2007-2018 жылдар аралығында «Сарыарқа» хоккей клубының президенті ретінде қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен қарағандылық ұжым Қазақстан чемпионы атанып, жоғарғы хоккей лигасын жеңіп алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи