09.03.2025
Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздар қай күні шығады?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бүгін, 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында жалауын көтеретін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар қай күні шығатыны белгілі болды.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Дүбірлі додаға ел құрамасынан 12 боксшы аттанды.
Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.
9 наурыз
50 келі.
Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Нзива (Кения)
+81 келі.
Елдана Талипова (Қазақстан)- Олтин Сотимбаева (Өзбекстан)
10 наурыз
52 келі.
Анита Адишева(Қазақстан)- Патино Хуарез (Мексика)
54 келі.
Жайна Шекербекова (Қазақстан)- Бекера Монтесинос (Колумбия)
11 наурыз
60 келі.
Виктория Графеева (Қазақстан)- София Легаки (Грекия)
63 келі.
Аида Әбікеева (Қазақстан)- Қытай немесе Словакия өкілінің жеңгенімен жұдырықтасады.
66 келі.
Жасмин Қизатова (Қазақстан)- Ивануса Морейра (Кабо-Верде)
81 келі.
Гүлсая Ержан (Қазақстан)- Янг (Қытай)
12 наурыз
48 келі
Назым Қызайбай (Қазақстан) - Николь Дурикова (Словакия)
57 келі.
Карина Ибрагимова (Қазақстан)- Колумбия немесе Пуэрто-Рико өкілінің қай жеңгенімен шығады.
70 келі.
Наталья Богданова (Қазақстан)- Мас Мартинез (Испания)
75 келі.
Надежда Рябец (Қазақстан)-Корома (Сьерра-Леоне).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан