09.03.2025
Дания чемпионаты: Рамазан Оразовтың командасы ұпай жоғалтты
Футболдан Дания чемпионатының 21-турында «Силькеборг» өз алаңында «Люнгбюмен» ойнады.
Бұл кездесуде 0:1 есебімен «Люнгбю» жеңіске жетті.
«Силкеборгтың» жартылай қорғаушысы қазақстандық Рамазан Оразов қосалқы құрамда отырды.
Осылайша, 21 матчтан кейін «Силкеборг» 32 ұпай жинап, Дания Суперлигасының турнирлік кестесінде жетінші орында келеді. 15 ұпайы бар «Люнгбю» 11-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов