Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды

Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Англия астанасы Лондон қаласында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Оңтүстік Кореямен кездеседі. 

Матч 12-13 немесе 13-14 қыркүйек күндері өтеді. Корт иелері ойын өтетін қала мен дәл уақытын кейін белгілейді.

Жеңімпаз құрама келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады. 

Бұл қос команданың үшінші кездесуі болмақ. Есеп әзірге тең – 1:1. 2007 жылы Корея өз алаңында қазақстандықтарды 5:0 есебімен ұтқан еді. Арада үш жыл өткенде, Қазақстан құрамасы өз алаңында дәл сондай есеппен қарымта қайырды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан