10.03.2025
Қазақстан футболшысы Испания чемпионатында гол соқты
Жас қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов Испанияның «Менсахеро» клубы сапында гол соқты.
21 жастағы Анкудинов Корольдік Испания футбол федерациясының үшінші дивизионында (Испания футбол лигалары жүйесіндегі бесінші деңгей) өнер көрсететін «Менсахеро» командасының құрамында 25-тур аясында «Панадерия» қақпасын 83-минутта дәл көздеді. Алайда, матч сенсациялық нәтижемен аяқталып, «Менсахеро» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
25 турдан кейін «Менсахеро» 40 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орында тұр, ал «Панадерия» 29 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов