10.03.2025
Алматыда жасөспірімдер арасында футболдан чемпионат өтті
Алматы қаласында 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан чемпионат ұйымдастырылды.
Бұл жарысқа барлығы 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир барысында әр команда шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойындар өткізді.
Чемпионаттың финалдық кезеңіне Sc Dostar және Jeyran командалары шықты. Ақтық ойын тартысты өтіп, екі команда да жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Дегенмен шешуші матчта Sc Dostar командасы қарсыласынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Осылайша, Sc Dostar жасөспірімдер арасындағы бұл чемпионаттың жеңімпазы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан