11.03.2025
Дмитрий Попко Челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады
Фото: Will Russell/Getty Images
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Чили астанасы Сантьягода өтіп жатқан Челленджер турнирінің алғашқы айналымында жеңіліс тапты.
Жұптық сында аргентиналық Андреа Колларинимен бірге сынға түскен Дмитрий жарыстың 1/8 финалында Гонсало Буэно (Перу)/Альваро Меза (Эквадор) тандеміне жол берді.
Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды. Нәтижесінде Попко бастаған ұжым 0:2 (4:6; 2:6) есебімен жеңіліс тапты.
Енді отандасымыз өз бағын жекелей сында сынап көреді. Попконың (АТР: 220) алғашқы ойындағы қарсыласы — перулық Гонсало Буэно (АТР: 270).
Аталған матч бүгін, 11 наурыз Қазақстан уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100,000 еуроны құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи