11.03.2025
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Финикс Челленджер сериясына іріктеу кезеңінің финалына шықты.
Жарыстың алғашқы айналымында Михаил Кукушкин (АТР: 166) америкалық теннисші Митчелл Крюгерден (АТР: 140) басым түсті.
Қос теннисші арасындағы кездесу 2 сағат 18 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз 2:1 (5:7; 7:6; 6:0) есебімен жеңіске жетті.
Енді Кукушкин іріктеудің финалында словениялық теннисші Бор Артнакпен (АТР: 458) кездеседі.
Аталған матч бүгін, 11 наурыз сағат 22:00-ге жоспарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи