Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11.03.2025

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылар қай уақытта шығады?

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылар қай уақытта шығады?

Фото: Olympic.kz

Бүгін, 11 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылардың қай жұпта сынға түсетіні белгілі болды.

Бұл жөнінде Sport12.kz мәлім етті.

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 18:00-ге белгіленген. Онда ел құрамасынан 1/8 финалда Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева мен Аида Абикеева шаршы алаңға шығады. 

50 келі. Алуа Балқыбекова - Ясмин Мутаки (Марокко) - 4-жұп, Б рингі

60 келі. Виктория Графеева - София Легаки (Грекия) - 7-жұп, А рингі

63 келі. Аида Әбікеева - Шуою Чжао (Қытай) - 12-жұп, Б рингі.

Ал кешкі сессияда (22:00) шаршы алаңға Жайна Шекербекова, Жасмин Қизатова және Гүлсая Ержан шығады. Олар да 1/8 финалда сынға түседі. 

54 келі. Жайна Шекербекова - Ариадна Жанет Хиль Алонсо (Мексика) - 3-жұп, А рингі

66 келі. Жасмин Қизатова - Ивануса Перейра (Кабо-Верде) - 5-жұп, Б рингі

81 келі. Гүлсая Ержан - Ван Сяомен (Қытай) - 8-жұп, А рингі. 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан