Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11.03.2025

Чемпион кикбоксшыларды ерекше құрметпен қарсы алды

Чемпион кикбоксшыларды ерекше құрметпен қарсы алды

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогында Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті. Біздің спортшылар 14 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Астана әуежайында оларды туған-туыстары, достары, бапкерлері мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Смағұлов:

“Қазақстан – кикбоксингтен әлемнің үздік құрамаларының бірі деп есептеймін. Әлем кубогына 46 елден спортшылар қатысып, біздің қатысқан 32 отандасымыз 27 медаль еншіледі, оның 14 медалі — алтын. Бұл – үлкен жетістік! Жарысқа тыңғылықты дайындалдық, алдағы додаларда да осындай жоғары нәтижелер көрсетеміз деп сенемін.”


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан