11.03.2025
Үлкен спорттан кейінгі өмір: Айдос Ербосынұлы қай салаға бет бұрды?
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының қазіргі уақытта немен шұғылданып жүргені белгілі болды. Отандық спортшы үш жыл бұрын кубалық Дэвид Морреллден жеңілгеннен кейін әзірге шаршы алаңға оралған жоқ.
Дегенмен, ол қазір киім сататын дүкен ашып, әлеуметтік желіде сауда-саттық жүргізуге көшкен екен. Яғни, кәсіпке бет бұрған сыңайлы.
Айдос Ербосынұлы сататын киімдерді дені спорттық бағытқа арналған. Тіпті, оның киім дүкеніне Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те келіп, спорттағы әріптесіне тілеулес екенін білдірген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов