15.03.2025

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты финалына шыққан қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды.

Ертең, 16 наурызда елімізден финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

48 келі. Назым Қызайбай - Юлия Чумгалакова (Ресей)

50 келі. Алуа Балқыбекова - Ху Мэйи (Қытай)

60 келі. Виктория Графеева - Нуне Асатрян (Ресей)

63 келі. Аида Әбікеева - Тананья Сомнуек (Таиланд)

81 келіден жоғары. Елдана Тәліпова - Илян Чжан (Қытай).

Әлем чемпионатына ел құрамасында 12 боксшы атттанған еді. Олардың арасынан жарыстың түрлі сатысында Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Еске салсақ, әлем чемпионаты финалына шыққан боксшылар саны жөнінен Қазақстан көш бастап тұр.






Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Нора Джеруто әлем чемпионатында жүлдеге сәл жетпей қалды

Жеңіл атлетика 47 минут бұрын

Нора Джеруто әлем чемпионатында жүлдеге сәл жетпей қалды

«Астана» қорғаушысына сәтті ота жасалды

Футбол 2 сағат бұрын

«Астана» қорғаушысына сәтті ота жасалды

Орталық Азия елдерінің төрелік комитеттері әріптестікті нығайтады

Футбол 2 сағат бұрын

Орталық Азия елдерінің төрелік комитеттері әріптестікті нығайтады

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Дзюдо 2 сағат бұрын

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Ұлыбританияның бокс шолушысы Қазақстанның жетістігін сынады

Бокс 2 сағат бұрын

Ұлыбританияның бокс шолушысы Қазақстанның жетістігін сынады

«Реал Мадрид» сапында Алматыға кімдердің келе алмайтыны белгілі болды

Футбол 3 сағат бұрын

«Реал Мадрид» сапында Алматыға кімдердің келе алмайтыны белгілі болды