12.08.2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бас бапкері «Слованға» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Слованға» қарсы өтетін қарымта ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, дайындық барысын айтты, деп хабарлайды sport12.kz.
«Біз арнайы бірнеше күн бұрын келдік, ұзақ жолдан кейін қалпына келу үшін. Қарсыласты мұқият зерттедік. «Слован» өз жанкүйерлері алдында мықты ойнайды, сондықтан бізді қиын матч күтіп тұр.
Еуропаға сапарлар біз үшін ұзақ, сондықтан ертерек келіп, бейімделуге тырысамыз. Мұндағы климат жақсы, еш қиындық жоқ.
«Слован» былтыр Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Бұл — біздің де арманымыз. Біз жанкүйерлеріміз бен еліміз үшін бар күшімізді саламыз», — деді Уразбахтин.
Еске салайық, 6 тамызда Алматыда өткен алғашқы ойында «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Қарымта матч 12 тамызда Братиславада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz