25.08.2025
Әлем чемпионаты-2026: Уэльс пен Бельгияға қарсы кімдерге сенім артамыз?
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Уэльске қарсы ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Біздің серіктес: Sport12kz