04.11.2025
2029 жылы Ислам ынтымақтастық ойындары қай елде өтеді?
2029 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарын ұйымдастыруға ниетті елдердің тізімі белгілі, деп хабарлайды Sport12.kz
Исламдық спорт ынтымақтастығы қауымдастығы (ISSA) үміткер үш елге – Өзбекстан, Малайзия және Иранға инспекциялық сапар жасады. ISSA бас хатшысы Нассер Маджалидің жетекшілігімен барған делегация әр елдің дайындық деңгейін бағалап, ұсынылған спорт нысандарын, қолданыстағы инфрақұрылымды және ұйымдастыру жоспарларын зерттеді.
Нассер Маджали үш үміткердің де қызығушылық, ынта мен дайындық деңгейін жоғары бағалады.
«Әрбір үміткер ел 2029 жылғы Ойындарды өткізудің сенімді тұжырымдамасын ұсынды. Бұл олардың әлемдік деңгейдегі көпспорттық шараны ұйымдастыруға деген терең ұмтылысын көрсетті», — деді Маджали.
2029 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарының өтетін орны ISSA Бас ассамблеясында жарияланатын болады. Ассамблея 2025 жылғы 7–21 қараша аралығында Эр-Риядта өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарының аясында ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов