21.01.2026
Александр Меркель елордалық клуб сапына қосылды
©twitter.com/amerkel52
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Меркель елордалық «Жеңіс» сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу барысында Косовоның «Приштина» клубымен шеберлік байқасты. Александр Меркель екінші кезеңде жасыл алаңға шықты.
Ойын барысында елордалық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.
Екі жылдай бұрын ол «Ақтөбе» сапына ауысады деген ақпарат шыққан еді. Дегенмен ол расқа айналған жоқ.
Александр Меркель 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін Италияның «Ақтөбе» клубынан бастап Англия, Швейцария, Германия, Австрия, Нидерланд, Сауд Арабиясы, Түркия, БАӘ елдерінде доп тепті.
2015-2019 жылдарда Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойын көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан