Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Бокстан отандастарымыз Азия чемпионатын қалай өткізді?

Бокстан отандастарымыз Азия чемпионатын қалай өткізді?

15 мамыр күні Ташкентте World Boxing ұйымының қолдауымен өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасы чемпионаттың финалдық күнінде сегіз алтын медаль жеңіп алды. Алайда жалпыкомандалық медаль кестесінде Өзбекстанға жол беріп, екінші орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша алаң иелері — Өзбекстан құрамасы 9 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен бірінші орын алды. Қазақстан құрамасы 8 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдемен екінші сатыға жайғасты. Үздік үштікті 2 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль иеленген Үндістан түйіндеді.

Турнирдің соңғы күнінде Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамалары 11 финалда өнер көрсетіп, 8 алтын медаль жеңіп алды.

Ұлдар арасында Нұрасыл Ғалым (50 келі), Әмір Мұхит (60 келі), Әлібек Алпамыс (80 келі) және Сабыржан Сағым (+80 келі) Азия чемпионы атанды. Нұрасыл финалда моңғолиялық Сулд Усухбаатарды 5:0 есебімен жеңсе, Әмір өзбекстандық Ахмадхон Абдусатторовтан 4:0 есебімен басым түсті. Әлібек Өзбекстан өкілі Самандарбек Умаровты 4:1 есебімен ұтты, ал Сабыржан ирандық Мохаммедясин Заирге қарсы жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

Ұлдар арасында Мейіржан Жүніс (63 келі) пен Ислам Сүлейманоғлы (66 келі) финалда өзбек боксшыларына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Қыздар арасында Қазақстанға алтын медальдарды Хатшепсут Садвакасова (50 келі), Аяулым Оспанова (66 келі), Диана Надырбек (75 келі) және Жансая Ержан (80 келі) сыйлады. Сонымен қатар, Балым Ғабитқызы (60 келі) күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанғандар: Нұрислам Оналбек (57 келі), Бекхан Уразбай (52 келі), Айлин Ходжамбердиева (70 келі), Милана Иншина (46 келі) және Розалия Вайдеман (57 келі).

U15 және U17 жас санаттарындағы Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте World Boxing ұйымының қолдауымен өтті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан