3 сағат бұрын
Роналду бастаған Португалия құрамасы Өзбекстанды ойсырата жеңді
Әлем чемпионатындағы К тобында Португалия мен Өзбекстан арасында матч өтті.
Матчтың небәрі 6-минутында Криштиану Роналду мергендік танытып, Португалияны алға шығарды.
Бұл 41 жастағы шабуылшының әлем чемпионатындағы алғашқы голы.
Ал матчтың 18-минутында өзбек футболшысы ойын тәртібін бұзды. Нәтижесінде Португалия сапынан Мендеш айып добын сәтті орындап, есепті еселей түсті.
Сондай-ақ Роналду 39-минутта кезекті голын соғып, дубль авторы атанды. Осы голдардан кейін шабуылшының әлем чемпионаттарындағы гол саны 10-ға жетсе, кәсіби мансабындағы голдарының жалпы саны 975 болды.
Екінші таймда да ойын тізгіні Португалияның қолында болды. Абдуқодир Хусанов қарсыластың толассыз шабуылы кезінде қақпасына гол бағыттап алды. Есеп 4:0.
Ал Өзбекстан Португалияға қарсы қауқар көрсете алмады. Нәтижесінде 88-минутта Леао гол соқты. Осылайша Португалия Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан