Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Марсель Марсель 1:2 Аяқталды Атлетико Атлетико Италия кубогы Футбол Дженоа Дженоа 21:30 Бүгін Асколи Асколи Италия кубогы Футбол Кальяри Кальяри 1:0 Үзіліс Ареццо Ареццо Еуропа лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 23:00 Бүгін Лех Лех Сегунда Футбол Реал Сосьедад 2 Реал Сосьедад 2 23:30 Бүгін Кастельон Кастельон Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ковентри Ковентри 23:30 Бүгін Монако Монако Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Аталанта Аталанта 23:45 Бүгін Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Примейра-лига Футбол Спортинг Спортинг 00:15 Ертең Гимарайнш Гимарайнш Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:15 Ертең Беневенто Беневенто Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 17:00 Ертең Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 18:00 Ертең Жетісу Жетісу Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 18:00 Ертең Реал Сосьедад Реал Сосьедад Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Бавария Бавария 18:30 Ертең Лейпциг Лейпциг Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Сандерленд Сандерленд 19:00 Ертең Ренн Ренн Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Ертең Лилль Лилль Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Ертең Байер Байер Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 19:00 Ертең Хоффенхайм Хоффенхайм Чемпионшип Футбол Сток Сток 19:00 Ертең Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Ертең КПР КПР Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 19:00 Ертең Миллуолл Миллуолл

2 сағат бұрын

Джиу-джитсудан Қазақстан әлем чемпионатында 21 медаль алды 

Джиу-джитсудан Қазақстан әлем чемпионатында 21 медаль алды 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

БАӘ-нің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір аптаға созылған биылғы бәсекеге бірнеше дисциплинада (Fighting, Duo, Show, Jiu-Jitsu No-Gi) 37 мемлекеттен 1200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстаннан жарысқа еліміздің барлық өңірінен 194 спортшы барып, сынға түсті.

Нәтижесінде Қазақстан ересектер командасы 3 алтын, 3 күміс және 15 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 4-орынға тұрақтады. Назарыңызға біздің жүлдегерлерді ұсынамыз:

Чемпиондар:

Болатбек Сейілхан (неваза, -77 кг)

Мерей Қабдуллаев (неваза, -85 кг)

Жәнібек Әбу-Бәкір (файтинг, 69 кг)

Күміс:

Ажар Салықова (неваза, -70 кг)

Данагүл Талғаткызы (неваза, +70 кг)

Айгерім Тореғожина (файтинг, 48 кг)

Қола:

Жібек Құлымбетова (неваза, -48 кг)

Мариан Журавлёва (неваза, -70 кг)

Абдулла Батырбек (неваза, 62 кг)

Адлан Мадаев (неваза, 77 кг)

Анна Стрельцова (неваза, 57 кг)

Бекзат Қазтаев (неваза, 56 кг)

Әли Батырбек (неваза, 56 кг)

Мақсат Төленді (неваза, 94 кг)

Ыдырыс Алиев (неваза, 85 кг)

Жұлдыз Бауыржанқызы (файтинг 45 кг)

Самат Сарсенұлы (файтинг, 62 кг)

Асылан Қанатбек (файтинг, -62 кг)

Бекзат Баймұратов (файтинг, -77 кг)

Шерхан Жақсылық (файтинг, -85 кг)

Қуандық Есенеев (файтинг, -94 кг)

Жалпыкомандалық есеп мынадай:

1. Ресей - 10 алтын, 7 күміс, 17 қола

2. БАӘ - 6 алтын, 6 күміс, 2 қола

3. Италия - 5 алтын, 4 күміс, 4 қола

4. Қазақстан - 3 алтын, 3 күміс, 15 қола.

Еске салсақ, 18-20 тамыз күндері Пәкістанның Лахор қаласында Азия құрлығындағы World Taekwondo Президентінің кубогы – 2026 (G-3) өтеді.




Біздің серіктес: Sport12kz