1 сағат бұрын
Бакуде қазақ күресінен төрешілерге арналған семинар өтті
Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы
Бүгін Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты қарсаңында төрешілерге арналған семинар өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Семинарды чемпионаттың бас төрешісі, United World Wrestling дәстүрлі күрес комитетінің мүшесі Эдмар Абдуллаев жүргізді.
Жиын барысында нидерландиялық маман төрешілерге жарыстың ережелері мен төрешілік талаптарын пысықтап, белдесу кезінде ұпай беру, әдістерді бағалау, ескерту жасау және даулы сәттерде шешім қабылдау тәртібі қарастырды. Сонымен қатар, төрешілердің кілемдегі өзара іс-қимылы мен чемпионат барысында ережелерді біркелкі қолдану мәселелеріне назар аударылды.
Семинар соңында Эдмар Абдуллаев алдағы Әлем чемпионатында төрелік ететін мамандарға негізгі талаптар түсіндіріліп, жарыс алдындағы дайындық жұмыстары қорытындыланды.
Еске сала кетсек, қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 22-23 тамыз күндері Бакудегі Baku Sports Hall спорт кешенінде өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz