14 сағат бұрын
Ян Вороговский «Астана» сапында мерейтойлық матч өткізді
Фото. «Астана» футбол клубы
Қазақстандық қорғаушы Ян Вороговскийге елордалық «Астана» сапында Қазақстан Премьер-лигасындағы 100-ойынына орай мерейтойлық жейде сыйға тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Салтанатты шара «Астана» - «Қайрат» (Алматы) кездесуінің (1:0 )алдында өтті. Оған мерейтойлық жейде сыйға тартылды.
Ян Вороговский 1996 жылы 7 тамызда дүниеге келген. 2013 жылдан бері қазақстандық клубтарда ойын көрсетіп келеді. Сондай-ақ бельгиялық командаларда тәжірибе жинап қайтты.
Елордалық клуб сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді.
2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап жүр.
Біздің серіктес: Sport12kz