11.10.2026
Арсен Венгер ФИФА президенті болуы мүмкін
Фото: ©fifatrainingcentre.com
Лондондық «Арсеналдың» аты аңызға айналған бапкері Арсен Венгер ФИФА президенті лауазымына үміткерлер қатарында болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Британдық The Times басылымының дерегінше, Джанни Инфантиноға қарсы топ француз маманын сайлауға қатысуға көндіріп жатыр.
76 жастағы Венгер 1996-2018 жылдары «Арсеналды» баптады,
2019 жылдан бері ФИФА-да жаһандық футболды дамыту бөлімінің жетекшісі.
Қазір Джанни Инфантино 2027 жылғы сайлауға қатысатынын ресми жариялаған жалғыз үміткер. Сайлау 2027 жылдың 18 наурызында Рабатта (Марокко) өтеді, ал кандидаттарды ұсыну мерзімі — 2026 жылдың 18 қарашасы.
Біздің серіктес: Sport12kz