Матч орталығы
Лиссабон, қыздар Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 1:2 Аяқталды Франциска Хорхе Франциска Хорхе Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 2:0 Аяқталды Славия Славия Чемпиондар лигасы Футбол Ланс Ланс 0:2 Аяқталды Спортинг Спортинг Әлем чемпионаты, іріктеу, қыздар Футбол Ирландия (Қ) Ирландия (Қ) 4:0 Аяқталды Қазақстан (Қ) Қазақстан (Қ) Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 0:1 Аяқталды Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 1:2 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 5:1 Аяқталды Уотфорд Уотфорд Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 2:2 Аяқталды Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:3 Аяқталды Болтон Болтон Чемпиондар лигасы Футбол Арсенал Арсенал 3:0 Аяқталды Лилль Лилль Чемпиондар лигасы Футбол Вильярреал Вильярреал 3:1 Аяқталды Наполи Наполи Чемпиондар лигасы Футбол Лейпциг Лейпциг 1:0 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол Викинг Викинг 3:3 Аяқталды Бавария Бавария Чемпиондар лигасы Футбол Интер Интер 3:4 Аяқталды Брюгге Брюгге Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 2:0 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 1:4 Аяқталды Барселона Барселона Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 4:0 Аяқталды Престон Престон Чемпионшип Футбол Сток Сток 2:3 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Ухань, қыздар Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 09:10 Бүгін Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Бүгін Астана Астана

4 сағат бұрын

Бақыт Сәрсекбаев еліміздің жастар құрамасының мақсаты жөнінде айтты

Бақыт Сәрсекбаев еліміздің жастар құрамасының мақсаты жөнінде айтты

Фото: Бақыт Сәрсекбаевтың парақшасынан

Бокстан Қазақстан U19 құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев World Boxing ұйымы аясында өтетін әлем чемпионатына жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Черногорияның Будва қаласында бокстан U19 жас санатындағы әлем чемпионаты өтеді. World Boxing ұйымы ұйымдастыратын дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 20 боксшымен сынға түседі.

- Жауапкершіліктен қашып, реформа жасаудан қорқып, бұрыннан танылған, нәтижесі бар “обкатанный” балдарды алып жүре берсем маған біреу ұрса ма? Ал жаңа есімдер ұтылып жатса, бәріңіз жабылып мені талайтындарыңыз сөзсіз. Десе де мен әр жарысқа әртүрлі боксшыларды апарып, олардың мүмкіндігін сынауға, тәжірибе жинауына жағдай жасауға дайынмын. Өйткені мен жастармен жұмыс істеп жатырмын. Бұлар — біздің бүгінгі командамыз ғана емес, ертеңгі Ұлттық құраманың резерві. Менің мақсатым да, маған қойылған талап та сол - мықты резерв дайындау.

Ертең олардың ішінен кімге мүмкіндік берсек те, «Қазақстанның атынан шығуға дайын» деп сеніммен айта алатындай болуымыз керек, - деп жазды ол.

Сондай-ақ тәжірибелі маман өзінің арманы Ұлттық құрамадағы әр салмақта таңдау жасауға қиналатын деңгейге жету. екенін атап өтті.

- 1-2-5 нөмірдегі боксшы әлемдік деңгейде жұдырықтаса алатын болсын. Сонда ғана бізде нағыз бәсеке болады, боксшыларымыз босаңсымайды. Естеріңізде ме, мен Ұлттық құрама боксшысы болған кездегі құрам? Мықты бәсекелестік болды! Бір салмақта бірнеше мықтылар болдық, біріміз ерте, біріміз кеш, дегенімізге жетіп жаттық, біріміз Әлемді, екіншіміз Азияны, енді біріміз Олимпиада биігін кезек-кезек бағындырып жаттық.

Әрине, әр эксперименттің өз тәуекелі бар. Бірақ болашақты ойлаған бапкер сол тәуекелден қашпауы керек. Өйткені тек бүгінгі нәтижені ойласақ, ертеңгі чемпиондарды байқамай өткізіп алуымыз мүмкін. Менің мақсатым — бүгінгі алтынды ғана санау емес, ертең Қазақстанның намысын қорғайтын чемпиондардың тұтас плеядасын қалыптастыру.

Бізге бір салмақта бірнеше мықты керек.

Мен жастарға сенемін. Оларға мүмкіндік беремін. Ал сол мүмкіндікті пайдалану — олардың өз қолында.

Бұл жолы мен Әлем чемпионатына баратын құрамға жартысына дерлік жаңа есім қостым. Мүмкін, келесі жарысқа қалған жартысы өзгерер, уақыт көрсетеді. Құрамада жәй уақыт өткізіп ешкімді жүргізіп қоймаймыз, әркім өзінің құрамадағы орнын әрдайым қорғап отыру керек.

Ең бастысы, біз бүгін болашақ үшін жұмыс істеуіміз керек, - деді Бақыт Сәрсекбаев.



Біздің серіктес: Sport12kz