17 сағат бұрын
Астанада бүгін Қазақстан мен Ирландия құрамалары ойнайды
Бүгін, 9 қазанда, футболдан әйелдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Қазақстан мен Ирландия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы матч Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Ойынды Норвегиядан келген төреші Каролин Мари Йенсен басқарады.
Қазақстан мен Ирландия арасындағы матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Қарымта кездесу 13 қазанда Ирландияның Корк қаласында өтеді.
Екі матчтың қорытындысы бойынша Еуропадан әлем чемпионатына қатысатын жеті құрама анықталады. Сонымен қатар тағы бір команда ақпан айында өтетін құрлықаралық плей-оффта әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігіне ие болады.
Әйелдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионаты 24 маусым мен 25 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Турнирге 32 елдің ұлттық құрамасы қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz