5 сағат бұрын
Андрей Демченко Қазақстанға оралуы мүмкін
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
Украиналық маман Андрей Демченко Қазақстан Премьер-лигасына оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Украиналық 50 жастағы бапкер кеше Қазақстан астанасына ұшып келіп, «Жеңіс» басшылығымен қорытынды келіссөздер жүргізген.
Демченко өткен жылы табысты жаттықтырған елордалық клубты қайта басқаруы ықтимал. Тараптар келісімге жақын.
Осылайша, Андрей Демченко қайтадан «Жеңістің» бас бапкері атануы мүмкін.
Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат елордалық «Жеңіс» клубы сапынан кететін болды.
Біздің серіктес: Sport12kz