13 сағат бұрын
Талғат Байсуфинов: «Ойыншылар өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмады»
Қайсар» командасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында «Астанамен» өткен матчқа қатысты пікір білдірді.
Маманның айтуынша, команда ойыншылары кездесуде өздерінің үздік ойындарые көрсете алмаған.
«Біз командамен тек кеше ғана таныстық. Оған дейін қарсыластың ойындарын қарап, талдау жасадық. Жігіттердің жағдайын, олардың ішкі көңіл күйін түсінеміз.
Киім ауыстыратын бөлмеде футболшыларға чемпионаттың соңғы турына және Қазақстан Кубогының финалына дайындалу керектігін айттым.
Марат Еслямов менің жаттықтырушылар штабыма қосылды. Дегенмен бұл матчқа команданы Дмитрий Карпов дайындады. Сондықтан бастапқыда тактикалық сызбаны өзгертпей, бұрынғы жоспарды сақтауды жөн көрдік. Алайда ойыншылардың бойында әлі де алаңдаушылық пен эмоциялық қысым болды.
Біз жігіттермен осы мәселелерді талқылап, әрқайсысымен жеке сөйлестік. Олар матчты жақсы аяқтағысы келді, бірақ бәрі бірден жүзеге аса бермейді.
Өкінішке қарай, ойыншылар өз ойын көрсете алмады және үздік қасиеттерін толық аша алмады. «Астана» қазір жақсы формада. Команда маусым соңында үшінші орын үшін күресіп, сапалы футбол көрсетіп жүр. Бүгін де жақсы ойын өткізді», – деді Талғат Байсуфинов.
Айта кетейік, 29-турда «Астана» мен «Қайсар» 0:0 есебімен тең түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz