5 сағат бұрын
«Алтын доп» иегері және үздік ондық белгілі болды
Лондонда (Англия) өткен «Алтын доп» — 2026 марапаттау рәсімінен кейін дауыс беру қорытындысы бойынша үздік он футболшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биылғы сыйлықтың иегері — Англия құрамасы мен «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн. Ол 2025/26 жылғы маусымда клубы мен ұлттық құрама сапында 73 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Оның 61 голы «Бавария» сапында, ал қалған 12-сі Англия құрамасында соғылды.
«Алтын доп» — 2026 сыйлығының қорытындысы бойынша үздік ондық мынадай:
- Харри Кейн («Бавария», Англия)
- Килиан Мбаппе («Реал», Франция)
- Ламин Ямаль («Барселона», Испания)
- Родри («Барселона», Испания)
- Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина)
- Хвича Кварацхелия («ПСЖ», Грузия)
- Усман Дембеле («ПСЖ», Франция)
- Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия)
- Майкл Олисе («Бавария», Франция)
- Фабиан Руис («ПСЖ», Испания)
Біздің серіктес: Sport12kz