5 сағат бұрын
Қазақстандық футболшылар Ресей кубогында кезекті матч өткізеді
27 қазан, сейсенбі күні Ресей кубогының топтық кезеңіндегі бесінші тур аясында Воронеждің «Факел» клубы Грозныйдың «Ахмат» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Төрт турдан кейін «Ахмат» пен «Факелдің» еншісінде төрт ұпайдан бар. Олар В тобында үшінші және төртінші орындарда келеді. Алдыңғы матчта «Ахмат» өз алаңында мәскеулік «Динамоға» 1:2 есебімен есе жіберсе, «Факел» сырт алаңда «Краснодарды» 2:0 есебімен сенсациялық түрде жеңді.
Қазіргі уақытта топтағы жағдай мынадай: «Динамо» — 9 ұпай, «Краснодар» — 7 ұпай, «Ахмат» — 4 ұпай, «Факел» — 4 ұпай.
«Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының футболшылары — жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек пен шабуылшы Максим Самородов өнер көрсетеді. Самородов осы маусымда бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ал Кенжебек әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz