5 сағат бұрын
«ПСЖ» қатарынан сегіз матчта жеңіске жетті
Франция чемпионатының сегізінші турындағы соңғы матчта «ПСЖ» өз алаңында «Лионды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің бірінші таймында алаң иелері басымдыққа ие болғанымен, мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. «Лион» да қарсылас қақпасына қауіп төндірді. Алайда париждік команданың қақпашысы Матвей Сафонов бірнеше рет сенімді ойын көрсетіп, командасын голдан құтқарды.
Үзілістен кейін «ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике жасаған ауыс-түйістер матчтың нәтижесіне әсер етті. 72-минутта Сенни Маюлю Мики Годтстың пасынан кейін есеп ашты. Ал 84-минутта бельгиялық жартылай қорғаушының өзі Кентен Нджантудың нәтижелі пасын голға айналдырды. Бұл Годтстың париждік клуб сапындағы алғашқы голы болды.
Осылайша, «ПСЖ» қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Сегіз турдан кейін 17 ұпай жинаған париждік клуб Лига 1 турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. Екінші орында келе жатқан «Ренннен» бір ұпайға озып тұр. Ал 14 ұпайы бар «Лион» бесінші сатыға түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz