29.10.2026

Бағдат Қайыров «Ақтөбеден» кетеді

Бағдат Қайыров «Ақтөбеден» кетеді

Фото: «Ақтөбет» футбол клубы

«Ақтөбенің» капитаны және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров үш маусымнан кейін командадан кетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған дейін бұл туралы жергілікті пабликтер хабарлаған болатын, ал менің ақпаратым бойынша, бүгін футболшы клуб басшылығымен кездесіп, келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

33 жастағы оң қаптал қорғаушысы өткен маусымды жарқын өткізіп, ҚПЛ-дағы өз амплуасындағы үздік ойыншылардың бірі деп танылған болатын. Алайда биылғы чемпионатта бұрынғы нәтижесін қайталауға Қайыровқа жарақаттары кедергі келтірді.

ҚПЛ-2026 маусымында тәжірибелі футболшы бар болғаны сегіз матчқа қатысты. Чемпионаттың қорытынды турында да ол алаңға шықпайды.Өз кезегінде «Ақтөбе» маусымаралық үзілісте қорғаныс шебін қайта құруды жоспарлап отыр: клуб қорғаныстың екі қапталын да жасартуды көздеп отыр.


Біздің серіктес: Sport12kz