Матч орталығы
КХЛ Хоккей Амур Амур 2:3 Аяқталды СКА СКА КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 5:4 Аяқталды Барыс Барыс Гонконг женщины Теннис Антония Рузич Антония Рузич 0:2 Аяқталды Александра Эала Александра Эала КХЛ Хоккей Трактор Трактор 2:3 19:58 Ак Барс Ак Барс КХЛ Хоккей Лада Лада 0:0 Үзіліс Локомотив Локомотив ВХЛ Хоккей Буран Буран 21:00 Бүгін Молот Молот КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін Динамо Минск Динамо Минск Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Жальгирис Жальгирис Париж мужчины Теннис Тейлор Фриц Тейлор Фриц 23:00 Бүгін Карлос Алькарас Карлос Алькарас Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 00:30 Ертең Боруссия Боруссия А сериясы Футбол Венеция Венеция 00:45 Ертең Удинезе Удинезе Лига 1 Футбол Тулуза Тулуза 00:45 Ертең Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Севилья Севилья 01:00 Ертең Алавес Алавес Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 01:00 Ертең Ковентри Ковентри Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 01:00 Ертең Болтон Болтон Франция кубогы Футбол ЦСК Кэйенне ЦСК Кэйенне 04:00 Ертең Матури Матури Қазақстан кубогы Футбол Ордабасы Ордабасы 16:00 Ертең Қайсар Қайсар Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 17:30 Ертең Вулверхэмптон Вулверхэмптон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 17:30 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Малага Малага 18:00 Ертең Расинг Расинг

3 сағат бұрын

Аргентина құрамасы Мессидің 10-нөмірін әзірге ешкімге бермейді

Аргентина құрамасы Мессидің 10-нөмірін әзірге ешкімге бермейді

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони Лионель Месси ұлттық құрамада киген 10-нөмірді әзірге басқа футболшыға бермеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы TyC Sports басылымы хабарлады.

Қараша айында Аргентина құрамасы Уругвай және Коста-Рикамен жолдастық ойындар өткізеді. Осы матчтарда Мессидің нөмірі бос қалмақ. Себебі жолдастық ойындарда футболшылардың 1-ден 11-ге дейінгі нөмірлерді иеленуі міндетті емес.

Бұған дейін Аргентина футбол қауымдастығы Лионель Мессидің құрметіне 10-нөмірді ұлттық құрамада біржола қолданыстан шығаруды ұсынған еді. Алайда бұл бастама жүзеге аспады.

Алдағы уақытта әйгілі нөмірді «Комо» клубының жартылай қорғаушысы Нико Пас иеленуі мүмкін. Жас футболшы Мессидің ықтимал ізбасарларының бірі ретінде қарастырылып отыр. Дегенмен бұл жөнінде әзірге ресми шешім қабылданған жоқ.

Айта кетейік, Лионель Месси 2005 жылдан бері Аргентина құрамасында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соғып, 68 нәтижелі пас берген.

Месси Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Америка кубогын екі рет және Финалиссиманы бір рет иеленді.



Біздің серіктес: Sport12kz