8 сағат бұрын
«Каспий» капитаны «Шахтерге» ауысуы мүмкін
«Каспий» капитаны Амандық Набиханов қазіргі маусымаралық кезеңде Қарағандының «Шахтер» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, қарағандылық команда 28 жастағы қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Ақтау клубы негізгі ойыншысын құрамда сақтап қалуға ниетті.
«ҚПЛ-ға оралғаннан кейін «Шахтер» трансфер нарығында белсенділік танытуда. Амандық Набиханов үшін күресте қарағандылық клубтың басты қарсыласы – оның қазіргі командасы. «Каспий» футболшымен келісімшартты ұзартқысы келеді», – деп жазады дереккөз.
Осы маусымда Қазақстан құрамасына үміткер қорғаушы ҚПЛ-де 23 матч өткізіп, бір гол соқты.
Еске салайық, «Шахтер» 2026 жылы Бірінші лиганың жеңімпазы атанып, Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионына қайта оралды. Ал «Каспий» ҚПЛ-2026 маусымын 11-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz