6 сағат бұрын
«Ноттингем Форест» пен «Манчестер Сити» матчының уақыты белгілі болды
7 қараша, сенбі күні Англия Премьер-лигасының оныншы туры аясында «Ноттингем Форест» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ноттингем Форест» – «Манчестер Сити» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 22:30-да басталады.
Англия чемпионатында тоғыз матч өткізген «Ноттингем Форесттің» еншісінде небәрі алты ұпай бар. Ал «Манчестер Сити» осы уақыт аралығында 21 ұпай жинаған.
Өткен турда «Ноттингем Форест» сырт алаңда «Брентфордтан» 0:2 есебімен жеңіліп, жеңіссіз сериясын бес матчқа жеткізді. Бұл аралықта команда бір рет тең түсіп, төрт рет жеңілген.
Командалар соңғы рет 5 наурызда Манчестерде кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасты. Соңғы бес өзара ойында «Манчестер Сити» үш рет жеңіске жетсе, «Ноттингем Форест» бір матчта басым түскен. Тағы бір кездесу тең аяқталған.
Біздің серіктес: Sport12kz