7 сағат бұрын
Даниэль Соса өз елінде ойнайтын болды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» шабуылшысы Даниэль Соса футболдан Нигер ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Нигер құрамасы Африка ұлттар кубогы аясында Мароккоға қарсы екі ойын өткізеді.
Шабуылшы өз елінің құрамасы сапында алғашқы ойынын 2021 жылы 8 қазанда өткізді. Сол жолы Әлем чемпионатының іріктеуінде Алжирге қарсы (1:6) өз құрамасының жалғыз голын соқты.
Қазірге дейін Нигер құрамасында 36 матч өткізіп, 16 мәрте көзге түсті.
Шабуылшы өткен жылдан бері «Ақтөбе» сапында ойнап келеді. 2026 маусымында 22 матчта 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Былтырдан бастап «Ақтөбе» сапында 32 матчта 10 мәрте мергендік танытты.
Еске салсақ, Даниэль Соса биыл «Ақтөбеге» қайта оралды.
Біздің серіктес: Sport12kz