6 күн бұрын
«Қайсардың» бас бапкері қызметінен алғашқы үміткер анықталды
Фото: «Жетісу» футбол клубы
Қазақстандық маман Қайрат Нұрдаулетов қызылордалық «Қайсарда» қызметін жалғастыруы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдағы маусымда оның кандидатурасына «Қайсар» қызығушылық танытып отыр. Қызылордалық клуб маусым қорытындысы бойынша ҚПЛ-дан түсіп қалды және келесі жылы Бірінші лигада өнер көрсетеді.
Қызылордалық клуб Қазақстан құрамасының бұрынғы капитанын келесі маусымға команданың бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр.
Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов 1982 жылдың 6 қарашасында Алматы қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретіндегі жолын 1999-2016 жылдар аралығында қазақстандық клубтарда ойын көрсетті.
Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан 2013 жылға дейін өнер көрсетті.
Футболшы мансабын аяқтаған соң бапкерлік жолға түсті. Биыл талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері болып қызмет атқарды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен жарақатынан кейінгі қалпына келуі және УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі шешуші матчтар алдындағы команданың көңіл күйі туралы айтып берді.
Біздің серіктес: Sport12kz