7 сағат бұрын
Бүгін футболдан Ұлттар лигасында сегіз ойын өтеді
Фото: Global Look Press
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасының V тур ойындары басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін UEFA Ұлттар лигасының бесінші тур ойындары аясында А, С лигаларында төрт топта матчтар өтеді. Барлығы сегіз кездесу белгіленген.
А лигасы. Бірінші топ
22.00. Түркия - Бельгия, 00:45. Италия - Франция.
Бұл топта төрт турдан кейін Франция 10 ұпаймен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындағы Италияның 7, Бельгияның 6 ұпайы бар. Ал әзірге Түркияның ұпайы қоржыны бос.
А лигасы. Үшінші топ
00:45. Англия - Хорватия, 00:45. Чехия - Испания.
Төрт турдан кейін Испания 12 ұпаймен бірінші орында тұрса, Англияның 9, Хорватияның 3 ұпайы бар. Әзірге Чехия бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай отыр.
С лигасы. Бірінші топ
00:45. Албания - Финляндия, 00:45. Сан-Марино - Беларусь.
Алғашқы төрт турда 9 ұпай еншілеген Албания бірінші орынға жайғасса, Финляндия мен Беларусь 7 ұпай алды. Бұл топта Сан-Марино әзірге ешқандай ұпайға қол жеткізе алмай отыр.
С лигасы. Екінші топ
22:00. Армения - Кипр, 00:45. Черногория - Латвия.
Бұл топта Черногорияның 10, Кипрдің 7, Арменияның 4, Латвияның 1 ұпайы бар.
Айта кетсек, бесінші турда Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдовамен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz