32 минут бұрын
Англия Хорватияны жеңіп, Ұлттар лигасының ширек финалына шықты
Англия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Кездесу Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың 24-минутында Морган Роджерс есеп ашты. Екінші таймда Петар Сучич таразы басын теңестірді (59-минут). Алайда арада бес минут өткенде Харри Кейн пенальтиден гол соғып, Англияға жеңіс сыйлады.
Бұл кездесу Харри Кейн үшін ұлттық құрама сапындағы 126-матч болды. Осылайша ол Англия құрамасы сапында 125 ойын өткізген Питер Шилтонның рекордын жаңартты.
Англия 12 ұпай жинап, топта екінші орында келеді. Ал үш ұпайы бар Хорватия үшінші сатыда тұр.
Соңғы турда Англия сырт алаңда Испаниямен, ал Хорватия өз алаңында Чехиямен кездеседі. Екі матч та 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz