29 минут бұрын
Беларусь құрамасы Ұлттар лигасында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті
Беларусь құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында сырт алаңда Сан-Мариноны 2:0 есебімен жеңді. Кездесу Серравалледегі «Сан-Марино» стадионында өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың 13-минутында Кирилл Гоманов есеп ашса, төрт минуттан кейін Артем Концевой қонақтардың басымдығын еселей түсті. Осылайша Беларусь құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бірінші айналымда Виктор Гончаренко шәкірттері Сан-Мариноны 4:0 есебімен жеңген болатын. Бұған дейін Беларусь құрамасы Финляндиядан да 1:0 есебімен басым түскен еді.
Осы жеңістен кейін Беларусь он ұпай жинап, В лигасына тікелей көтерілу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал Сан-Марино бірде-бір ұпай жинай алмай, топтың соңғы сатысында тұр.
Қорытынды турда 15 қарашада Беларусь Албаниямен кездессе, Сан-Марино сырт алаңда Финляндияға қарсы ойнайды. Екі матч та Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz