25 минут бұрын
Ұлттар лигасы: Испания Чехиядан басым түсті
Испания құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында сырт алаңда Чехияны 2:0 есебімен жеңді. Кездесу Прагадағы «ЭПЕТ Арена» стадионында өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың 39-минутында Лукаша Амбросстың қолмен ойнағаны бейнеқайталаудан кейін анықталып, төреші пенальти белгіледі. Он бір метрлік айып добын Алекс Баэна сәтті орындады.
Екінші таймның 48-минутында Йереми Пино қақпашы Унай Симонның пасынан кейін гол соққанымен, төреші офсайдқа байланысты голды есепке алмады. Кейін Марк Пубиль Испанияның екінші голын соғып, матчтың нәтижесін белгіледі – 2:0.
Испания құрамасы бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, 15 ұпаймен топтағы бірінші орнын сақтап қалды. Ал Чехия қатарынан бесінші рет жеңіліп, ұпайсыз соңғы орында тұр.
Қорытынды турда Испания Мадридте Англияны қабылдайды. Ал Чехия сырт алаңда Хорватиямен кездеседі. Екі матч та 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні Қазақстан уақытымен 00:45-те басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz