20 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы бүгін Молдовамен кездеседі
13 қараша, жұма күні Кишиневтегі «Зимбру» стадионында УЕФА Ұлттар лигасының бесінші туры аясында Молдова мен Қазақстан құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Молдова – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Ойын алдында Молдова құрамасының еншісінде төрт ұпай болса, Қазақстан екі ұпай жинаған. Командалар арасындағы алғашқы кездесу Астанада өтіп, 2:1 есебімен Молдова пайдасына аяқталған еді.
Сол матчта Ники Клешенко (45+1-минут) мен Петру Попеску (50-минут) гол соқты. Қазақстан құрамасы сапынан Нұралы Әліп (64-минут) бір голмен жауап берді.
Ұлттар лигасындағы соңғы матчтарында Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең ойнаса, Молдова Словакиядан 0:4 есебімен жеңілді.
Біздің серіктес: Sport12kz