8 сағат бұрын
Азат Нұрғалиев «Ордабасы» футбол клубының спорттық директоры атануы мүмкін
Фото: asnews.kz
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны және «Оңтүстік Академия» командасының бас бапкері Азат Нұрғалиев шымкенттік «Ордабасының» спорттық директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін., деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін шымкенттік клуб сапында бұл қызметті атқарған Қайрат Әшірбеков басқа қызметке ауысады немесе мүлде клубтан кетеді деп күтіліп отыр.
Өткен маусымда Азат Нұрғалиевтің жетекшілігімен «Оңтүстік Академия» жақсы ойын өрнегін көрсетіп, Бірінші лиганың көшбасшыларына лайықты қарсылық танытты.
Еске салсақ, футболшы ретінде Азат Нұрғалиев «Ордабасы», «Тобыл», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» сапында ойнаған. Ұлттық құрама жейдесінде 44 матч 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, «Ордабасы» командасы биыл Қазақстан Премьер-лигасында чемпион болды. Сондай-ақ шымкенттік клуб Қазақстан кубогының иегері атанды. Осылайша «Ордабасы» өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.
Еске салсақ, қарағандылық «Шахтер» футболдан 2027 жылғы Қазақстан Премьер-лигасына дайындығын қай уақытта бастайтыны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz