6 сағат бұрын
Джуд Беллингем «Реал Мадридпен» жаңа келісімшартқа қол қойды
Фото: apnews.com
Мадридтік «Реал Мадридтің» ағылшындық жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем «Корольдік клубпен» жаңа ұзақмерзімді келісімге қол қойды, деп хабаралйды Sport12.kz.
Бұл туралы испаниялық Diario AS басылымы мәлім етті.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 23 жастағы футболшының мадридьік клубпен жаңа еңбек шарты 2031 жылдың жазына дейін есептелген.
Айта кетейік, жаңартылған келісімшартта қаржылық жағдайдың жақсаруы және жартылай қорғаушының жалақысының көтерілуі қарастырылған. Бұл оның ойынға әсер ету деңгейі мен Жозе Моуриньюдің тактикалық құрылымдарындағы негізгі рөліне толық сәйкес келеді делінеді.
Еске сала кетейік, Беллингем мадридтік грандқа 2023 жылдың жазында дортмундтық «Боруссиядан» 103 млн еуроға ауысқан болатын. «Реал Мадрид» сапында жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Испания чемпионы және УЕФА Суперкубогының иегері атанды.
Еске салсақ, Португалия құрамасы шабуылшы Криштиану Роналду кеткеннен кейін жетінші нөмірдің дизайнын өзгертті.
Біздің серіктес: Sport12kz