5 сағат бұрын
«Арсенал» Антонио Нусаға қызығушылық білдірді
Фото: bulinews.com
«Арсенал» Германияның «РБ Лейпциг» командасының вингері Антонио Нусаның кандидатурасын зерттеу жұмысын жандандырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Норвегия құрамасының 21 жастағы футболшысы қаңтардағы трансферлік терезе алдында лондондық клубтың шабуылын күшейтудің негізгі нұсқасының қатарына кіреді. «Арсенал» өкілдері Нусаның соңғы үш матчына қатысты. Клуб футболшының өкілдерімен байланыс орнатқан, ал лондондық командаға ықтимал ауысудың өзі ойыншыны қызықтырады делінеді.
Биылғы маусымда Нуса 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Соңғы «Шальке», «Манчестер Сити» және «Аугсбургке» қарсы үш кездесуде ол 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Нусаның ауысуы жөнінде келісу оңай болмайды. Оның келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген және онда өтемақы туралы тармақ жоқ. Германиялық клуб ойыншыны шамамен 80 миллион еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: Sport12kz