13 сағат бұрын
Ян Вороговский алдағы маусымға командасына таңдау жасады
Фото. «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский елордалық «Астана» футбол клубымен келісімшартын екі жылға созды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды.
Ян Вороговский 1996 жылы 7 тамызда дүниеге келген. 2013 жылдан бері қазақстандық клубтарда ойын көрсетіп келеді. Сондай-ақ бельгиялық командаларда тәжірибе жинап қайтты.
Елордалық клуб сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді.
2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап жүр.
Біздің серіктес: Sport12kz