Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сингапур Сингапур 0:7 Аяқталды Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 1:2 Аяқталды Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 0:1 Аяқталды Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 2:1 Аяқталды Пәкістан Пәкістан Еуропа чемпионаты U19 Футбол Косово U19 Косово U19 0:1 Аяқталды Қазақстан U19 Қазақстан U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 1:2 Аяқталды Өзбекстан Өзбекстан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Иордания Иордания 2:0 Аяқталды Аустралия Аустралия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 2:0 Аяқталды Венесуэла Венесуэла Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ирак Ирак 1:1 Аяқталды Иран Иран КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 2:4 00:47 Динамо Динамо Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Португалия U21 Португалия U21 0:0 49 Норвегия U21 Норвегия U21 Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Ирландия U21 Ирландия U21 0:0 Үзіліс Финляндия U21 Финляндия U21 Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 46:24 05:05 Асвел Асвел Еуролига Баскетбол Жальгирис Жальгирис 42:48 03:20 Бавария Бавария Екінші Бундеслига Хоккей Дюссельдорфер Дюссельдорфер 0:1 14:00 Буллс Розенхайм Буллс Розенхайм АХЛ Хоккей Бейкерсфилд Бейкерсфилд 1:0 13:00 Колорадо Колорадо Суперлига Хоккей Ольборг Ольборг 0:0 14:00 Хернинг Хернинг Екінші Бундеслига Хоккей Лаузитцер Фуше Лаузитцер Фуше 0:0 14:00 Мемминген Мемминген Итоговый турнир мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 00:30 Ертең Бен Шелтон Бен Шелтон Еуролига Баскетбол Барселона Барселона 00:30 Ертең Париж Париж

3 сағат бұрын

Лионель Месси Аргентина құрамасы бапкерлер құрамына қосыла ма?

Лионель Месси Аргентина құрамасы бапкерлер құрамына қосыла ма?

Фото: tribune.com.pk

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони белгілі футболшы Лионель Мессидің ұлттық құрама бапкерлер құрамына қосылуы жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ұсыныс бас бапкердің көмекшісі Вальтер Самуэльдің алдағы уақытта қызметінен кетуіне қатысты әңгіменің шығуына орай айтылған еді. Лионель Скалони бұл ұсынысты жоққа шығарған жоқ.

- Месси 2030 жылы бапкерлер штабында ма? Менің ойымша, ол 2030 жылдан кейін де футбол ойнауды жалғастырады. Бірақ қазір Вальтер қызметінен кетіп жатыр. Біз Мессидің қызметке келуіне кез келген уақытта қуаныштымыз, - деген ойын білдірді Лионель Скалони.

Әлем футболының аңызы Лионель Месси 7 қазанда Аргентина құрамасы сапында Бенинмен жолдастық кездесуде қоштасу матчын өткізді.

Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2005 жылдың 4 тамызында жолдастық кездесуде Венгрия құрамасына қарсы өткізді.

2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін шабуылшы өзінің ұлттық құрама сапындағы кәсіби мансабын аяқтайтынын жария етті. Аргентина құрамасы жейдесін 207 мәрте киюге мүмкіндік алған ол бұл жөнінен абсолютті рекорд жасады. Сол ойындарда 125 мәрте мергендігімен көзге түсіп, жоғары көрсеткішімен ерекшеленді.

Айта кетсек, Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында 2008 жылы Олимпиада чемпионы атанса, 2022 жылы әлем чемпионы, 2014, 2026 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Сондай-ақ Америка кубогын 2021, 2024 жылдары екі мәрте жеңіп алса, 2007, 2015, 2016 жылдары күміс, 2019 жылы қола жүлдесіне ие болды.

Лионель Месси 1987 жылы 24 маусымда Аргентинаның Росарио қаласында дүниеге келген. 2003 жылдан бері Испанияның «Барселона», Францияның «Пари Сен-Жермен», АҚШ-тың «Интер Майами» клубтарында ойын көрсетіп келеді.

Клубтық деңгейде ол Испанияның тоғыз дүркін чемпионы болса, UEFA Чемпиондар лигасында төрт мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Оған қоса Францияның екі дүркін чемпионы болды.


Біздің серіктес: Sport12kz