2 сағат бұрын
Целиноград футболының ардагері өмірден өтті
Фото: jenisfk.kz
«Жеңіс» футбол клубы Целиноград футболының ардагері Николай Дрютовтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Целиноград футболының ардагері Николай Семёнович Дрютовтың дүниеден озғанын ауыр қайғымен хабарлаймыз. «Жеңіс» футбол клубының басшылығы, бапкерлер штабы, ойыншылары және барша ұжымы осы бір абзал жанның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, - деп жазылған хабарламада.
Николай Семёнович 1945 жылдың 1 ақпанында дүниеге келіп, бүкіл саналы ғұмырын футболға арнады. Целиноградтағы «Локомотив» спорт мектебінің түлегі шабуылшы шебінде өнер көрсетті, ал 1970 жылы біздің командамыз – целиноградтық «Динамо» сапын толықтырды.
Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Николай Семёнович футбол төрешісі болып қызмет атқарып, тәжірибесімен бөлісіп, жас төрешілердің қалыптасуына көмектесті. 1996 жылы қалалық спорт департаментіне басшылық етті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони белгілі футболшы Лионель Мессидің ұлттық құрама бапкерлер құрамына қосылуы жөнінде пікірін білдірді.
Біздің серіктес: Sport12kz