2 күн бұрын
ФИФА ұлттық құрамалар рейтингінің үздік ондығы өзгерді
ФИФА ұлттық құрамалар рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Марокко құрамасы екі сатыға жоғарылап, бесінші орынға көтерілді. Ал Португалия мен Бразилия бір позициядан төмендеп, тиісінше алтыншы және жетінші орындарға жайғасты. Бұған дейін 11-сатыда болған Колумбия құрамасы оныншы орынға шықты.
Әлемнің үздік құрамасы мәртебесін Испания сақтап қалды. Одан кейін Аргентина мен Франция орналасқан.
ФИФА рейтингінің үздік ондығы төмендегідей:
- Испания – 2004,48 ұпай
- Аргентина – 1966,13
- Франция – 1950,82
- Англия – 1938,90
- Марокко – 1809,37
- Португалия – 1801,28
- Бразилия – 1800,91
- Бельгия – 1790,37
- Нидерланды – 1774,06
- Колумбия – 1735,90
Біздің серіктес: Sport12kz